Ораза айында не деген сұмдық? : Айгүл Иманбаева ұшақта күтпеген жағдайға тап болды

11.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева ұшақта бортсеріктердің әрекетіне ренішін білдірді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Актриса Алматы – Астанаға бағыты бойынша екі немересі және келінімен бірге ұшқан. Аузы берік болғандықтан су сұраған. Ол өтінішіне құлақ аспаған бортсеріктерге ашуланды.

“Мынау сұмдық, ораза айы. Ауызашарға 20 минут қалғанда бортсерікті шақырып, су сұрап ала алмадым. Немерем қолда тұрмай жылап жатыр. Қызыл батырма жанып тұрғанын көріп тұрғанына қарамастан, келген жоқ. Кейін 10 минут қалғанда тағы бір бортсерік жанымнан өтіп бара жатқанда “Бір стақан су беріңізші” деп сұрадым. “Қонғанда, өзіңіз келіп ішіп кетіңіз” деп өтіп кетті. Ұятсыздар! Сіздер қандай мемлекетте тұратындарыңызды білесіздер ме? Қазір Рамазан айы ғой. Ашуланғаннан қолым дірілдеп тұр”, – дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью