Ораза уақыты: Ел өңірлері арасындағы уақыт айырмашылығы қандай

19.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

 Қазақстанда қасиетті Рамазан айы басталды. Ел аумағының кеңдігіне байланысты ораза басталу және аяқталу уақыты өңірлерде әртүрлі. Мәселен, шығыс аймақтарда тұрғындар таңғы сәресін ішіп, оразаға ниет етсе, батыс өңірде әлі түнгі уақыт сақталады. Сол сияқты ауызашар уақытында да айтарлықтай айырмашылық бар.

Kazinform тілшісі еліміздің қай өңірде сәресі ерте басталатынын, ауызашар қайда кешірек болатынын және ораза ұстау ұзақтығы қанша сағатқа созылатынын анықтады.

Ораза ұстау уақыты: ең ұзақ және ең қысқа күн

2026 жылғы 20 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде оразаның орташа ұзақтығы шамамен 12 сағат. Дегенмен әр өңірде бұл көрсеткіш әртүрлі.

Ең ұзақ ораза ұстау уақыты — Ақтау қаласында, 12 сағат 7 минут. Алматы мен Шымкент тұрғындары да осы уақыт аралығында ораза ұстайды (12 сағат 7–9 минут).

Ең қысқа ораза — Петропавл (11 сағат 50 минут) және Қостанайда (11 сағат 53 минут).

Түркістан мен Таразда ауызашар уақыты ертерек белгіленгендіктен, ораза ұстау ұзақтығы 10–11 сағат шамасында көрсетіледі.

Сәресі қайда ерте басталады?

Күн шығыстан шығатындықтан, сәресін шығыс өңірлер бастайды. Сәресі — Өскеменде таңғы 05:02–де, Семейде (05:12) және Талдықорғанда (05:19) басталады.

Батыс аймақтарда сәресі екі сағатқа кеш басталады. Мысалы, Орал мен Атырауда тұрғындар сәресін шамамен 07:05–07:23 аралығында аяқтайды. Бұл Қазақстандағы уақыт айырмашылығының айқын көрінісі.

Ауызашар уақыты қалай өзгереді?

Ауызашар уақыты да өңірге байланысты өзгеріп отырады.

Өскемендіктер 17:01–де ауыз ашса, Ақтау тұрғандары тек 19:15–те ауыз ашады.

Шығыс пен батыс арасындағы айырмашылық 2 сағат 14 минут болып тұр. Шығыста кешкі асты ішіп жатқанда, батыста әлі ауызашар уақытын біраз күту қажет болады.

Әлемде ораза ұзақтығы қалай өзгереді?

Ораза ұстау ұзақтығы елдің географиялық орнына байланысты өзгереді. Қазақстанда ол орта есеппен 12 сағат болса, әлемде 10–17 сағат аралығында болады.

Солтүстік елдерде (Гренландия, Исландия, Норвегия, Швеция) күн ұзақ шығып, кеш бататындықтан мұсылмандар 15–16 сағат ораза ұстайды.

Оңтүстік жарты шарда (Чили, Аргентина, ОАР, Жаңа Зеландия) күн қысқа болғандықтан ораза 11,5–12 сағатқа созылады. 

Ислам елдерінде уақыт анағұрлым тұрақты. Мекке мен Мәдинада (Сауд Арабиясы) ораза шамамен 13 сағатқа созылады.

Түркияда (Ыстанбұл) — 12,5–13 сағат. Ал экватор маңындағы Индонезия мен Малайзияда күн мен түн ұзақтығы жыл бойы бірдей болғандықтан, ораза тұрақты түрде 13 сағат 10–15 минутқа созылады.

Айта кетейік, бұған дейін біз Оразада қалай дұрыс тамақтану керектігі туралы жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью