Ораза және бала денсаулығы: Ата ана нені ескеруі керек?

26.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Рамазан айы келісімен мұсылман қауымы ораза ұстауға асығады. Өз ата-анасына еліктеп өсетін бала да бұл ретте ораза ұстағысы келіп жатады. Мұндайда ата-ана қайтпек керек? Балаларға ораза ұстау міндет пе? Енді ғана өсіп келе жатқан шақта баланы тамақтан шектеу оның денсаулығына кері әсер ете ме? Бұл сұрақтардың жауабын мамандардан сұрап көрдік, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ummet.kz

ҚМДБ не айтты?

Әуелі Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының (ҚМДБ) пікірін сұраған едік. Бізге ҚМДБ-ның шариғат және пәтуә бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы балиғат жасына дейін ораза – парыз емес екенін, баланы оразаға біртіндеп үйрету – құптарлық амал екенін, алайда, баланы мәжбүрлеуге болмайтынын айтты.

«Ұл болсын, қыз болсын, балиғатқа толғаннан бастап денсаулығы болса, ораза ұстауы керек. Ал, ораза ұстауға дайын болуы үшін – балиғатқа толардың алдында баланы жай-жайдан жарты күн уақыт көлемінде шамасы келгенше ораза ұстатып үйрету – мұстаһаб амал. Әке-шешесі балаға ғибадат парызының мәнін жаймен түсіндіріп үйретуі керек және баланың ерте жатып, ерте тұруы мен сәресі ішуін қадағалағаны жөн. Бірақ бұл балиғатқа толғаннан кейін ата-ана баланы ораза ұстауға мәжбүрлеу керек деген сөз емес», деді ол.

Сонымен қоса, ҚМДБ өкілі денсаулыққа зиян болса, шариғат оразаны тоқтатуға рұқсат ететінін, ата-ананың жауапкершілігі – баланы тәрбиелеу болса да, балаға шамадан тыс талап қоймау маңызды екенін айтты.

«Әлбетте, бала ораза ұстап жүрген кезде денсаулығына қауіп болмауы керек. Егер денсаулығына қауіп төнсе, оразасын тоқтатып, қажетті ем-шаралар алады, кейін мүмкіндік болған кезде жалғастырады. Ораза себебінен баланың денсаулығына қауіп төніп жатса, әке-шеше оны біліп, баланың аузын аштыруы керек. Яғни, денсаулыққа қауіп болса, ешбір жағдайда ғибадатты жалғастыр деп айтылмайды», дейді Елбек Тасболатұлы.

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

Ата-ана пікірі қандай?

Балалардың ораза тұтуына байланысты ата-анадан пікір білдіруін сұраған едік. Бізге «Адырна» ұлттық порталының жетекшісі Арман Әубәкір балалардың ораза ұстауына қарсы екенін айтып, себептерін түсіндіріп берді.

«Балалардың ораза ұстауына қарсымын. Неге? Себебі, өсіп келе жатқан бала ағзасына тұрақты азық керек. Балалардың клеткалары сәт сайын өседі. Өсіп келе жатқан баланың клеткаларына жүйелі түрде қоректік заттар қажет. Бала ағзасы тек энергия ғана жұмсамайды, сонымен қатар, жаңа клеткалар құрып, белсенді өсіп жатыр. Егер бала жиі аш жүрсе, өсуі баяулауы мүмкін, иммунитет төмендейді, ми жұмысы нашарлайды, үнемі шаршау белгілері де пайда болады. Әсіресе, оқу оқып, білім алып жүрген балалар уақытылы тамақтануы керек», дейді ол.

А. Әубәкірдің айтуынша, балалар тамақ болмаса да, жиі-жиі су ішуі қажет.

«Ой еңбегімен айналысқан жастарға көбірек су ішкен абзал. Адамның миы негізінен 70-80 % судан тұрады. Миға су жетіспесе, ойлау жылдамдығы баяулайды, есте сақтау нашарлайды, зейін де төмендейді. Судың қызметі адамның жүйке-жүйесіне, нақтырақ айтқанда, мидың жүйке нейрондары үшін өте маңызды. Су жеткіліксіз болғанда, адамның бойында бас ауруы, шаршау, ұйқысырап жүру, ашушаңдық белгілері туындайды. Яғни, су жетіспеушілігі ағзадағы кортизолды (стресс гормоны) көбейтеді. Судың мөлшері аз болғанда миға дұрыс оттегі де бармайды. Әрине, баланың қиындыққа шынығуы үшін ораза пайдалы болуы да мүмкін. Бірақ шынықтырамын деп баланың денсаулығын тәуекелге тігу қаншалықты дұрыс?!», дейді Арман Әубәкір.

2026 жылғы Ораза кестесі жарияланды

Диетолог не дейді?

Біз пікірін сұраған Астана медицина университетінің академик Е.Д.Даленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, диетолог Жанна Нұрберген ораза кезінде балалар ағзасының ерекшелігін ескеру қажет екенін, яғни, әр баланың жағдайы жеке қаралып, денсаулығына зиян келмеуі басты назарда болуы тиіс екенін айтты.

«Балаларға толық оразаны әдетте 14-16 жас аралығында ұстауға рұқсат етіледі. Бұл кезеңде жыныстық жетілу процесі тұрақтала бастайды. Ал 7-13 жас аралығындағы балаларға толық ораза ұстауға кеңес берілмейді. Егер бала қатты ниет етсе, жарты күндік жеңілдетілген ораза ұстауға болады. Ең бастысы – баланың ағзасында витамин, минерал тапшылығы болмауы керек», дейді ол.

Балалар ораза ұстауға ниет білдірген жағдайда, әуелі анализ тапсырып, гормондық және жалпы ағза көрсеткіштерін тексерткен жөн екенін айтқан дәрігер жасөспірім шақта ұзақ уақыт аш жүрудің зиянын ерекше атап өтті.

«Өсу кезеңінде ағзаға энергия, ақуыз, дәрумендер мен минералдар жеткіліксіз болса, баланың бой өсуі баяулап, бұлшық ет дамуы тежелуі мүмкін. Қоректік заттардың тапшылығы гормоналдық жүйеге де әсер етеді», деді Ж. Нұрберген.

Диетолог ораза кезіндегі ас мәзірін, яғни дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларын атап өтті.

«Күніне ауыз ашу − ауыз бекіту аралығында 2-2,5 литр су ішу қажет. Ауызды жылы сумен ашып, 2-3 құрма жеуге болады. Жалпы біз тәтті тағамдарды рационнан алып тастау керек деп айтамыз ғой, ал құрма – пайдалы тәтті. Байқайсыздар ма, құрма жегеннен кейін адам кәдімгідей тойып қалған сияқты болады. Құрма адамға тез тойымдылық сезімін және миымызға энергия береді. Ауызашардан кейін бірден ыстық тамақ жеуге болмайды, кемінде 15 минут күткен дұрыс. Рационда көк шөптен, қырыққабат, сәбіз, қызылша сияқты қарапайым көкөністерден жасалған салаттар болуы керек», деді ол.

Диетолог зиянды тағамдардан бас тартуды, нақты айтқанда, қуырылған тағамдарды шектеуге кеңес берді.

«Өкінішке қарай, өсімдік майы қазір рафинатталған, оны шыжғырып қуырамыз, пісіреміз. Оның құрамындағы пайдалы нәрселер канцерогендік заттарға айналып кетіп жатыр (Канцерогендік зат дегеніміз – рак ауруын тудырушы заттар). Соның кесірінен дәрігерлер қазіргі уақытта «қуырылған тағамды жемеңіздер» деп дабыл қағып жатыр. Егер малдың майына, тоң май және іш май сияқты дұрыс майға қуырылған болса, тамақты алаңсыз жей беруге болады. Қазір пайдаланылып жүрген майлар өте зиянды. Тағы бір айтарым, шұжық (колбаса), кетчуп, майонез, т.б. тез дайындалатын тағамдарды мүлде жеуге болмайды. Ораза уақытында дұрыс тамақтанғысы келсе адам шұжықтан мүлде бас тартқаны дұрыс. Тез дайындалатын тағамдардың құрамында ет жоқ, еттің орнына түрлі бояғыштар, түрлі қоспалар бар», деді Жанна Нұрберген.

Ж. Нұрберген сондай-ақ газдалған тәтті сусындарды тұтыну ұсынылмайтынын айтып, газдалған суды лимон қосылған қарапайым сумен немесе қымыз-шұбатпен және табиғи сусындармен алмастыруға кеңес беріп, газдалған сусындарды мүлдем рационнан алып тастау керек екенін айтты. Мысалы, «Кока-кола» ешқандай тағамды қорытпайды, керісінше ағзаға зиянын тигізіп жатыр. Маман сонымен қатар, ақ ұн өнімдерінің зиян екеніне тоқталды. Айтуынша, ақ ұн өнімдерінде пайдалы қоректік заттар аз болғандықтан қандағы қант деңгейін көтеріп, жүрек-қан тамыр жүйесіне салмақ түсіруі мүмкін. Сондықтан ақ ұнды қара ұн өнімдерімен алмастырған дұрыс. Ол ашыққаннан кейін немесе тамақтанған соң денені қозғалыста ұстаудың маңыздылығын тілге тиек етті. Оның айтуынша, адамның ас қорыту жүйесінде шамамен 10 метрге дейін ішек бар. Тамақ сол жолмен еркін өтуі үшін қозғалыс қажет. Тамақтанғаннан кейін кемінде 4000-5000 қадам жүрген дұрыс. Спортпен айналысатындар көбірек қозғалатындықтан, су мөлшерін 3 литрге дейін арттырғаны жөн.

Аллергиясы бар адамдар оразаны қалай ұстайды?

Дәрігер Жанна Нұрберген қандай балаларға ораза ұстауға мүлдем болмайтынына тоқталды.

«Анемиясы бар балаларға ораза ұстауға мүлдем болмайды. Анемия кейде жасырын болуы да мүмкін. Оны арнайы қан талдауы арқылы анықтауға болады. Түрлі созылмалы аурулар кезінде, мысалы, қант диабеті, асқазан-ішек жолының аурулары, тыныс алу жүйесінің аурулары бар балаларға, сондай-ақ, иммунитеті әлсіз балаларға ораза ұстауға болмайды», дейді Жанна Нұрберген.

Бұдан соң, диетолог ораза тұтқан балалардың әлсіреп бара жатқан көрініс белгілеріне тоқталды.

«Әлсіздік нышаны баланың көп жағдайда тез тұрып қалған кезде көз алды қарайып, басы айналғанынан байқалады. Кейбір балаларда тіпті аяғы дірілдеуі және кесе ұстаған кезде қолы дірілдеуі – мүмкін жағдай. Әлсіздіктің тағы да бір көрсеткіші – тершеңдік. Ол натрийдің тапшылығынан болуы мүмкін. Тіпті соның кесірінен кейбір балалар есінен танып құлап жатады», деді маман.

Ж. Нұрберген балаларға ораза міндеттелмейтінін ескертіп, балалардың оразасы – жауапкершілікпен шешілетін мәселе екенін тілге тиек етті.

«18 жасқа дейінгі балалардың басты міндеті – ағзасын болашақ өмірге дұрыс дайындау. Жыныстық жетілу және гормондық даму қалыпты жүруі тиіс. Егер анализ нәтижелері қалыпты болып, денсаулыққа қауіп жоқ екені дәлелденсе, ата-аналар баланың ораза ұстауына рұқсат беруіне болады. Ораза – тек тамақтан бас тарту емес, ағзаны және рухани дүниені тазартудың бір жолы ғой. Ғалымдардың зерттеуі бойынша аш адамның миы, зейіні өте жақсы болады. Байқасаңыз, адам тамақты қалай жеп тойып алады, солай адамның бүкіл энергиясы тамақты қорытуға ғана жұмсалып, ұйқысы келіп, әлсіреп кетеді. Ал, аш адамның миы қашанда 100 %-ға жұмыс істеп тұрады. Сол себепті, ораза – зейін мен оқу үлгеріміне өте жақсы әсер етуі де мүмкін. Әрине, қарсы көрсеткіштер болмау керек, баланың денсаулығы кәдімгідей сау болу қажет», деп түйіндеді дәрігер.

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Аймақтар • Бүгін, 13:03

«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді

Ата заң • Бүгін, 12:48

«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады

Қоғам • Бүгін, 12:42

Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?

Дін • Бүгін, 12:34

Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Қоғам • Бүгін, 12:18

Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды

Ата заң • Бүгін, 12:09

Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?

Қоғам • Бүгін, 11:58

Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді

Қоғам • Бүгін, 11:50

Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?

Балалар • Бүгін, 11:43

Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты

Бокс • Бүгін, 11:38

Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Аймақтар • Бүгін, 11:22

Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды

Ата заң • Бүгін, 11:12

«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?

Футбол • Бүгін, 11:07

Сарапшы: Президенттің АҚШ-қа ресми сапары Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа кезеңін айқындады

Саясат • Бүгін, 10:58

Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?

Қазақстан • Бүгін, 10:43

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью