Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарындағы өнерін аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Оңтүстік Корея өкілі Чан Донхванмен қолғап түйістірді.
Жекпе-жекте оңтүстіккореялық боксшы 4:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Ал Оразбек Асылқұлов жарыс жолын аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай (54 келіге дейін) және Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) жарыстан шығып қалған еді.