Ордабасы Ақтөбені жеңіп, Қайраттан жеті ұпайға ұзап кетті

17.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында «Ақтөбені» 3:1 есебімен жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ақтөбедегі Орталық стадионда өткен кездесуде есепті алаң иелері ашты. 21-минутта Даниэль Соса гол соғып, командасын алға шығарды.

Алайда екінші таймда «Ордабасы» ойын барысын өзгертті. 47-минутта Лео Натель айып добынан есепті теңестірді. Арада алты минут өткенде Сергей Малый баспен гол соғып, шымкенттіктерді алға шығарды. Ал 77-минутта Тидиан Кейта үшінші голды соқты.

Осы жеңістен кейін «Ордабасы» 67 ұпай жинап, турнир кестесінде көшбасшылығын нығайтты. Екінші орында тұрған «Қайраттан» жеті ұпайға ұзап кетті.

Ал «Ақтөбе» 45 ұпаймен бесінші орында қалды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью