Ордабасы футбол клубы 156,9 млн теңгеге сатылды

16.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

16 маусым күні e-qazyna порталында аукцион ұйымдастырылды. Оған бір ғана қатысушы өтінім бергендіктен, клуб сол жалғыз үміткерге сатылды. Сатып алу бағасы 156 913 355 теңгені құрады, бұл бастапқы бағадан небәрі 1 мың теңгеге жоғары. Әзірге жаңа меншік иесінің есімі жарияланған жоқ.

Нысанды сатушы ретінде Шымкент қаласының қаржы басқармасы әрекет етсе, клубтың иесі Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы болған.

Айта кетейік, бұған дейін клуб 2026 жылғы 28 мамырда 224,1 млн теңге бастапқы бағамен саудаға шығарылған еді. Алайда сатып алушылардың болмауына байланысты аукцион өтпей қалды. Кейін қайта ұйымдастырылған саудада бастапқы баға 30 пайызға төмендетіліп, 156,9 млн теңге болып белгіленген.

«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды

Осы жылдың ақпан айында Шымкент әкімдігі мен «Integra Construction KZ» ЖШС арасында «Ордабасыны» жекешелендіруге қатысты меморандум жасалғаны хабарланған болатын. Компанияның бенефициар иесі – кәсіпкер Шахмұрат Мұтәліп.

Меморандумға сәйкес, жаңа инвестор клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, инфрақұрылымды жаңғыртуға, жас футболшыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға көңіл бөлуге тиіс. Сондай-ақ басқару процестерін цифрландыру мен клубтың коммерциялық тиімділігін арттыру міндеті қойылған.

«Ордабасы» – Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін Шымкент қаласының басты футбол клубы. Команданың тарихы 1976 жылы құрылған «Мелиоратор» ұжымынан бастау алады. Кейін клуб «Жігер», «Достық» атауларымен өнер көрсетіп, 2002 жылдан бері «Ордабасы» атауымен белгілі.

«Астана» футбол клубының бас директоры қызметінен кетті

Клуб өз тарихында 2011 жылы Қазақстан кубогін, ал 2012 жылы Қазақстан Суперкубогін жеңіп алған. Сонымен қатар 2023 жылы Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанған.

Еске салайық, Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының президенті Дархан Қызайбаев команданың ресми атауын өзгерту және ауқымды ребрендинг жүргізу жоспары туралы мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью