Ордабасы футбол клубы жеке меншікке сатылды

16.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қол қойды. Әкімдік мәліметінше, меморандум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылған.

Құжаттың негізгі бағыттары ретінде материалдық-техникалық базаны жаңарту, жаттығу инфрақұрылымын дамыту, басқару үдерістерін цифрландыру және клубтың коммерциялық тиімділігін арттыру мәселелері аталған.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіби спортқа жеке инвестиция тарту футбол инфрақұрылымын дамытуға, жас ойыншыларды даярлауға және қаланың елдегі футбол орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Футбол комментаторы «Ордабасы» клубы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

«Бұл маңызды қадам Шымкенттің елдегі жетекші футбол орталықтарының бірі ретіндегі орнын нығайтады. Ол клубты ұлттық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті етуге, мүмкіндіктерін кеңейтуге және кәсіби спорттың тұрақты дамуына қосымша ресурстар жұмылдыруға мүмкіндік береді», деді Ғ. Сыздықбеков.

Өз кезегінде Шахмұрат Мүтәліп компания клубты дамытуды ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастыратынын айтты.

«Ордабасы» – тарихы бай әрі жанкүйерлері мықты қолдайтын клуб. Біздің алдымызда инфрақұрылымға, жас ойыншыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға баса мән бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр», деді ол.

Құны 120 млн теңге тұрады: «Ордабасының» шабуылшысы Еуропада ойнайды

Айта кетейік, қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілген еді.

Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?

Қоғам • Бүгін, 13:38

Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады

Президент • Бүгін, 13:13

Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді

Референдум • Бүгін, 13:03

2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады

Үкімет • Бүгін, 13:01

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Аймақтар • Бүгін, 12:59

Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды

Аймақтар • Бүгін, 12:47

Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?

Қысқы спорт • Бүгін, 12:34

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17

ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды

Университет • Бүгін, 12:09

Шайдоров әлемдік БАҚ назарында

Олимпиада • Бүгін, 12:06

АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді

Саясат • Бүгін, 11:56

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Зардап шеккендер бар

Төтенше жағдай • Бүгін, 11:47

Президент тапсырмасы: 4 жас ғалым баспаналы болды

Ғылым • Бүгін, 11:45

Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды

Аймақтар • Бүгін, 11:40

Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді

Аймақтар • Бүгін, 11:36

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью