Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
«Біз клубтың атауын өзгертуді жоспарлап отырмыз. Жаңа есімнің «FC Orda Shymkent» болғанын қалаймыз. Біздің басты мақсатымыз – болашақта Еуропада тұрақты түрде өнер көрсету. Сондықтан «Ордабасы» деп созып айтқаннан гөрі, қысқа әрі нұсқа «Орда» деу дұрысырақ болады. Бұл атау шетелдіктер мен еуропалықтар үшін қабылдауға әлдеқайда жеңіл болады. Алайда клубтың мағынасы, философиясы мен тарихы еш өзгеріссіз қалады. Әрине, бұған қоса ойын формасы мен логотип те жаңарады. Ағымдағы маусымда бәрін дайындап, жанкүйерлерімізге таныстырамыз. Барлық өзгерістер ресми түрде келесі маусымнан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр», деді ол.
Атауын өзгертуге дайындалып жатқан Шымкент ұжымы қазіргі уақытта ішкі біріншілікте де көш бастап тұр. Қазір «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) турнирлік кестесінде 12 турдың қорытындысы бойынша 28 ұпай жинап, сенімді түрде бірінші орында келеді.