“Ордабасы“ мен “Ақтөбе“ футболшыларының жаппай төбелесі: полиция команда капитатын ұстады

10.03.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

"Ордабасы" мен "Ақтөбе" жастар командалары арасындағы жолдастық матч жаппай төбелеспен аяқталды. Жанжалға қатысқан бір ойыншы ауруханаға жеткізілді, екіншісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

"Ордабасы" мен "Ақтөбе" жастар командалары арасындағы жолдастық матч жаппай төбелеспен аяқталды. Жанжалға қатысқан бір ойыншы ауруханаға жеткізілді, екіншісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан алаң иелерінің капитаны "Ақтөбе" ойыншысына соққы жасап, содан кейін жаппай төбелес басталғаны көрінеді.

"Екінші таймның басында ойын эпизоды нәтижесінде келіспеушілік туындап, арты жаппай төбелеске ұласты. Өкінішке қарай, жанжал салдарынан "Ақтөбенің" екі жас ойыншысы ауруханаға жеткізілді. Біреуінің жағы сынып, екіншісі ерін жарақатын алды. Бірінші ойыншыға ота жасалады. "Ақтөбе" футбол клубы зорлық-зомбылықты қатаң сынай отырып, тиісті органдар аталмыш жағдайды мұқият тергейді деп сенім білдіреді", - деп хабарлады "Ақтөбе" баспасөз қызметі.

Tengri Sport сауалына берген жауабында баспасөз қызметі жарақат алған ойыншыға ота жасалып, ол сәтті өткенін айтты.

"Ордабасы" клубының баспасөз қызметі төбелеске қатысқандарға қандай да бір жаза қолданылатыны туралы ресми хабарлама дайындалып жатқанын хабарлады.

БАҚ деректеріне қарағанда, "Ордабасы" мен "Ақтөбе" жастар командалары арасындағы кездесу жанжалдан кейін тоқтатылған.

Шымкент полициясы төбелеске қатысушылар ұсталып, төбелес шығарған адамға қатысты іс қозғалғанын хабарлады.

"Екі команда арасындағы жолдастық футбол матчінде жанжал туындап, төбелеске ұласты. Оқиға салдарынан қатысушылардың бірі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұл дерекке қатысты бұзақылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысқан барлық адам оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында жанжалдың басталуына "Ордабасы" командасының капитаны себеп болғаны анықталды. Ол қамауға алынды", - деді Шымкент ПД Tengri Sport сауалына берген жауабында.

Полиция мәліметінше, оқиғаға заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью