Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан кубогының финалында «Қайсарды» 4:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Түркістандағы «Түркістан Аренада» өткен кездесуде «Ордабасы» сапынан Сұлтанбек Астанов, Бьерн Йонсен, Давид Абагна және Эльхан Астанов гол соқты. «Қайсардың» жалғыз голын Агостиньо Азеведо енгізді.
Осылайша, «Ордабасы» бір маусымда Қазақстан чемпионаты мен ел кубогын қатар жеңіп алып, «алтын дубль» жасаған алтыншы клуб атанды.
Шымкенттік команда Қазақстан кубогын өз тарихында үшінші рет иеленді. Бұған дейін 2011 және 2022 жылдары жеңіске жеткен.
Ал «Ордабасының» жеңісінің арқасында чемпионатта төртінші орын алған «Оқжетпес» Конференциялар лигасына жолдама алды.