Ордабасы ҚПЛ кестесінде қайта көш бастады

03.08.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: «Ордабасы» ФК

Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен матчқа Көкшетаудан келген Даниил Гордый төрелік етті.

«Ордабасы» бас бапкердің болашағына қатысты шешім қабылдады

Ойын барысында алаң иелері алғашқы минуттардан бастап басымдық танытып, матч тізгінін өз қолында ұстады. Бірінші таймда есепті Эльхан Астанов ашса, кездесудің соңына қарай Сергей Малый екінші голды соғып, жеңісті түйіндеді.

«Елімай» – «Ордабасы» ойынына төрелік еткен Арман Есмұратов қамауға алынды

Осы жеңістің арқасында «Ордабасы» ұпай санын 46-ға жеткізіп, турнир көшбасшысы «Қайрат» клубын басып озды. Алматылық клубтың қоржынында 45 ұпай бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматының Орталық стадионында өткен қос клуб арасындағы кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен басым түскен еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью