Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы қалыңдық ұрлау жағдайлары туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы қалыңдық ұрлау жағдайлары туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қалыңдық ұрлау - бұл адам ұрлау. Бұл - халқымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Мұндай қатыгездікке ешқандай жағдайда жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын қоғамдық сана өсіп, азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді", - деді Мемлекет басшысы.
Президент заңнамалық өзгерістер де осыған сай болуы тиіс екенін атап өтті.
"Заң мен тәртіп баршаға ортақ, еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға міндетті", - деді Президент.
Айта кетейік, бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!