ОРК: Жаңа Конституцияны қолдағандар 87,15 пайыз

17.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Комиссия мәліметіне сәйкес, жаңа Конституцияны қолдап халықтың 87,15 пайызы дауыс берді.

Орталық референдум комис­сиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 16 наурыздағы таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңірі мен шетелдегі 10 388 референдум учаскесінде дауыстарды санау аяқталғанын мәлімдеді. 

«Кеше таңертең аумақтық референдум комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың электрондық көшірмелерін ұсын­ды. Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының комиссия­ларынан алынған деректердің негізін­де Орталық референдум комиссиясы республикалық референ­дум­да да­уыс берудің алдын ала нәти­же­лерін анықтады», деді Н.Әбдіров.

Референдумға қатысуға құқы­ғы бар 12 482 613 ел азама­ты­­ның 9 127 192-сі (73,12 па­йыз) дауыс беру учаскелеріне келіп, қа­тысты. «2026 жылғы 12 ақ­панда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұраққа 7 954 667 адам «Иә, қабылдаймын», 898 099 адам «Жоқ, қабылдамаймын» деп жауап берген. 

146 558 бюллетень жарамсыз деп танылған, 127 868 бюллетень жарамды, бірақ есепке алынбады, өйткені оларда жауап нұсқаларының екеуі де белгіленген.

«Республикалық референдум туралы заң­наманың нормаларына сәйкес, егер референ­думға қатысу құқығы бар азаматтар­дың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады. Республикалық референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім егер оны жақтап, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кемінде үштен екі­сінде дауыс беруге қатысқан аза­маттардың жартысынан аста­мы жақтап дауыс  берсе, «қа­был­данды» деп есептеледі», деді Н.Әбдіров ОРК-да өткен брифингте.

ОРК төрағасының айтуынша, республи­калық рефе­рендум заңнамасына сәйкес, аумақтық референдум комиссиялары дауыстар саналғаннан кейін әрбір өңір бойынша хаттамалардың түпнұсқаларын Орталық референдум комиссиясына табыстауы қажет. Республикалық референдумның қорытын­дылары Орталық референдум комиссиясында белгіленеді.

Соңғы жаңалықтар

Жанкүйерлер Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды

Спорт • Бүгін, 09:31

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?

Ипотека • Бүгін, 08:55

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

ОРК: Жаңа Конституцияны қолдағандар – 87,15 пайыз

Референдум • Бүгін, 08:48

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Тарихи кезеңмен тұспа-тұс келген Наурыз

Мереке • Бүгін, 08:38

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Басқа басылымдардан: Парламент бір палаталы жүйеге ауысады

Басылым • Бүгін, 08:27

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью