Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Өңірде орман шаруашылығы мен өртке қарсы инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Кейінгі үш жылда саланы техникамен қамтамасыз етуге 8 млрд теңге қарастырылды. Қомақты қаражат есебінен 26 өрт сөндіру көлігі, 86 трактор, 39 шағын орман өрт сөндіру кешені, сондай-ақ 78 қызметтік автокөлік сатып алынды.
Жаңа техниканың кезекті легін тапсыру рәсімі Тобыл жағасындағы алаңда өтті. Бұл жолы 11 орман шаруашылығына 79 арнайы техниканың кілті табыс етілді. Орман қорғауға, тілсіз жауға қарсы шұғыл әрекет етуге арналған қуатты техниканың дені Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром», «АгромашХолдинг», «МТЗ-Қазақстан» зауыттарында құрастырылған. Мысалы, шағын өрт сөндіру құрылғысы қондырылған JAC T6 жүрдек көлігі орман ішіндегі өртті жедел сөндіруге мүмкіндік береді. Ал зауыттан су жаңа шыққан Lovol, МТЗ тракторлары жер жырту, көшет егу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысына таптырмас құрал. Мұның сыртында, патрульдік қызметке 26 Lada Niva жеңіл автокөлігі берілді.
Салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі техникалық базаны нығайту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
– Орман – ұлттық байлық, аса маңызды табиғи ресурс, өңірдің экологиялық қауіпсіздігінің негізі. Оны сақтау мамандардың кәсібилігін ғана емес, заманауи техниканы да талап етеді. Биыл қосымша 25 өрт сөндіру көлігін, 9 трактор сатып алу жоспарланып отыр. Орман күзетінің кадрлық құрамы күшейтіліп, қызметкерлердің жалақысы 100%-ға өсті. Бүгін табысталған техника – материалдық-техникалық базаны нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Жаңа көліктер өрт ошақтарына жедел жетуге, қауіпті сейілтуге, сондай-ақ экологиялық, экономикалық залалды төмендетуге мүмкіндік береді. Техниканы жаңартумен қатар, кадр даярлау, цифрландыру, өрттің алдын алу мәселесіне де ерекше көңіл бөлінеді, – деді Құмар Ақсақалов.
«Пригородный» орман шаруашылығының басшысы Ерлан Әбеновтің айтуынша, талай жылдан бері техникасы тозып тұрған мекемелер мемлекеттік қолдаудың арқасында еңсе тіктеп, әлеуетін арттырған.
– Кейінгі жылдары техникамыз жаңарып жатыр. Қазір мекемеде 12 трактор бар. Екінші, үшінші класты су жаңа техникалар берілді. Бүгін 2 шағын өрт сөндіру кешенін, екі патрульдік «Нива» алдық. Осының бәрі мемлекетіміздің орман байлығына аса жанашырлықпен қарайтынын көрсетеді. Жыл санап күш-қуатымыз артып келеді. Соның нәтижесінде кейінгі жылдары орман өрті азайды. Мысалы, былтыр бізге қарасты алқаптарда бірде-бір өрт болған жоқ, – дейді орманшы.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, өңірдегі орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасы 90%-ға жаңарған.
Қостанай облысы
Соңғы жаңалықтар
Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Бокс: Futures Cup турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды
Бокс • Кеше
6 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан туристерге тартымды елге айналды: Еліміздің әлемдік рейтингтегі орны қандай?
Туризм • Кеше
Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты
Әлем • Кеше
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
Оқиға • Кеше
Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды
Әлем • Кеше
Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды
Ата заң • Кеше
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді
Ата заң • Кеше
Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды
Ауа райы • Кеше
Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді
Оқиға • Кеше