“Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай экспорттауға мүмкіндік берілмейді“ Иран әскерилері

10.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Иранның Қарулы күштері Ормуз бұғазындағы жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын және "жаулар мен олардың серіктестеріне" мұнай экспорттауға жол бермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілі Сардар Наини хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иранның Қарулы күштері Ормуз бұғазындағы жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын және "жаулар мен олардың серіктестеріне" мұнай экспорттауға жол бермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілі Сардар Наини хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иран халқы мен оның инфрақұрылымына қарсы АҚШ армиясы мен сионистік режимнің жалғасып жатқан агрессиясы жағдайында Иранның Қарулы күштері келесі хабарламаға дейін аймақтан бір литр де мұнай экспорттауға мүмкіндік бермейді", - деді Сардар Наини ирандық Tasnim агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ирандық зымырандар мен дрондар қаупіне байланысты америкалық кемелер мен ұшақтар Ираннан 1000 шақырымнан аса қашықтықта тұр. Сонымен қатар, америкалық әскерилер мен израильдік күштер аймақтағы қалалар мен қонақүйлерде жасырынуға мәжбүр.

ИРСК өкілі Иран Қарулы күштері "қақтығыстың аяқталу мерзімін анықтайтынын" және Ормуз бұғазында америкалық Gerald R. Ford әуе тасымалдаушы кемесін қарсы алуға дайын екенін қосты.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар мәлімдеме жасаған еді. Атап айтқанда, ол Иранмен соғыс жақын арада аяқталатынын айтқан.

"Менің ойымша, соғыс іс жүзінде аяқталды. Оларда флот жоқ, байланыс құралдары жоқ, әскери-әуе күштері де жоқ", - деді Трамп.

Сондай-ақ ол Вашингтон соғыс 4–5 аптаға созылады деген бастапқы болжамнан "айтарлықтай озып кеткенін" айтты. Сонымен қатар Трамп "Иранды әлі толық жеңген жоқпыз" деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью