Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

20.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Фото: Reuters

Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) мәліметінше, танкерлер кеме қатынасы ережелерін бұзып, мина қойылған жабық бағытпен өтуге әрекеттенген.

АҚШ Иранға кезекті әуе соққыларын жасады

Әзірге жарылған танкерлердің қай елге немесе компанияға тиесілі екені ресми түрде жарияланған жоқ. Тегеран АҚШ өңірдегі әскери операцияларын тоқтатпайынша Ормұз бұғазы арқылы мұнай, газ және тыңайтқыштарды қауіпсіз тасымалдау мүмкін еместігін мәлімдеді.

Иран АҚШ флотын жанармаймен қамтамасыз ететін нысанға соққы жасады

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО елдерінің саммиті қарсаңында Иранмен арадағы бітімнің аяқталғанын мәлімдеп, бұдан былай Тегеранмен келіссөз жүргізгісі келмейтінін хабарлаған болатын. Содан бері тараптар бір-біріне зымыран соққыларын жалғастырып келеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью