Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Өрнекпен өрілген өнер атты» айрықша көрме ашылды. Айшықты жоба халқымыздың сәндік-қолданбалы өнеріндегі ою-өрнек дәстүрінің терең мағынасы мен көркемдік құндылығын жан-жақты танытуды мақсат еткен.
Көрме экспозициясы орталық музейдің этнографиялық қорында сақталған сирек әрі құнды жәдігерлер негізінде ұйымдастырылған. Мұнда жүннен басылып және тоқылып жасалған дәстүрлі тоқыма бұйымдары – «тұскиіз», «текемет», «сырмақ», «алаша», «қоржын», «боғжама», сондай-ақ матадан тігілген, кестемен безендірілген «тұскілем», «қарақас», «жем дорба» сияқты бұйымдар ұсынылған. Сонымен қатар ағаш пен теріден жасалған тұрмыстық және шаруашылыққа арналған сандық, кебеже, торсық, кесеқаптар, сықырлауық (ағаш есік) секілді этнографиялық экспонаттар да экспозицияның елеулі бөлігін құрайды.
«Көрмедегі бұйымдардың көркемдік ерекшелігі ою-өрнектердің әртүрлі тәсілмен орындалуынан көрінеді. Киіз бұйымдарда өрнек басу, ойып қию, жапсыру, сыру, қиюластыру әдістері арқылы айқын композициялар жасалған. Тоқыма бұйымдарда өріп тоқу, терме, басқұр тоқу тәсілдері қолданылып, өрнек жіптің түсі мен құрылымы арқылы көрініс табады. Матадан тігілген тұскиіздер мен тұскілемдерде ою-өрнек кестелеу, зерлеу, алтын және күміс жіппен тігу арқылы бейнеленіп, жиектері мата, аң терілерімен жұрындалған. Ал ағаш пен тері бұйымдарында өрнек ою, күйдіру, бедерлеу тәсілдерімен түсіріліп, олардың тек тұрмыстық емес, эстетикалық маңызын да айқындайды», дейді Ұлттық орталық музейі Антропология және этнология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Сафия Аязбаева.
Экспозицияда қазақ ою-өрнек өнеріне тән зооморфтық, геометриялық, өсімдік тектес өрнек түрлері кеңінен қамтылған. Әсіресе молшылық пен берекенің, өміршеңдіктің нышаны саналатын «қошқар мүйіз» оюы көптеген бұйымның көркемдік өзегіне айналған. «Ою-өрнектердің ғасырлар бойы өзгермей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны – ұлттық шеберлік өнеріміздің рухани сабақтастығының дәлелі», дейді өнертанушылар.
АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар
Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?
Руханият • Бүгін, 08:15
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 08:10
Өнер • Бүгін, 08:05
«Ажалын жоғалтқан адамның» тұсауы кесілді
Басылым • Бүгін, 08:00
Іле Алатауы саябағында жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды
Жануарлар • Кеше
Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды
Инвестиция • Кеше
Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекітетін құжат
Ата заң • Кеше
Риза Сүйіндік: Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң
Ата заң • Кеше
Ұлытауда «Сағаттар сыры» көрмесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады
Спорт • Кеше
Қызылордада Қорқыт ата университетінің ректоры таныстырылды
Аймақтар • Кеше
Абай ауданында дін мен дәстүрді сабақтастырған орталық ашылды
Дін • Кеше
Ибраһим келісімі Қазақстанға қандай пайда береді?
Саясат • Кеше
Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Кеше
Нұрлан Имам конституциялық реформа кезеңінде қазақстандықтарды бірлік пен жауапкершілікке шақырды
Ата заң • Кеше