Өрт қауіпсіздігі: Астанада 100 ден астам рейд өтті

26.12.2025

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Рейд барысында көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтардың үй-жайларына тексеру жүргізілді. Жалпы төтенше жағдайлар қызметінің есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 1700-ден астам жанұя бар. Олардың 700-дейі жеке тұрғын үй секторында тұрады. Департамент қызметкерлері мереке қарсаңында осы үйлерге бас сұғып, тұрғындарға сақтық шараларын түсіндірді. Сондай-ақ бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтады.

Шәркүл Балтаева, қала тұрғыны:

- Осылай келіп хабарлап жатқандарыңызға рақмет! Азаматтар аман болсын. Балалардың жаманшылығын көрмейік деп отырмыз ғой. Еліміз тыныш болсын. Тоқтарға қарайды кішкентай балам. Қолынан келеді. Ондай тоқтан қауіп жоқ, қазір аманбыз.

Көмірқышқыл газынан улану жағдайларының алдын алу мақсатында соңғы төрт жылда 3 мыңнан астам датчик орнатылды. Ал биыл аудандық әкімдіктермен бірлесіп, 436 отбасы арнайы құрылғымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар халыққа атаулы көмек көрсету мақсатында пештер мен мұржалар тазартылып, электрмен жабдықтау жүйелері жөнделді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлде де жалғаса бермек.

Ғабит Бабаев, қалалық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары:

- Департамент қызметкерлерімен күнделікті жеке тұрғын үйлерді аралап, пештер мен электр қондырғыларын дұрыс пайдалану жөнінде нұсқаулықтар өткізіліп, жарнамалар таратылуда. Бұзылған талаптардың 3 мыңға жуығы орындалды. Қазіргі таңда орындалмаған талаптар бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс хаттар жолданды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері елордадағы 31 мың жеке тұрғын үйдің 20 мыңын аралады. Рейд нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарының 10 мыңға жуық бұзушылығын анықтаған. 

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Диас Қовланбаев, Досхан Қораз

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью