Орталық Азия су энергетикалық консорциумы неге құрылмай жатыр вице министр | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикалары трансшекаралық өзендерді пайдалану бойынша ортақ нақты келісімге әлі келе алмай отырғаны белгілі.
Атап айтқанда, 1995 жылдан бері су-энергетикалық консорциум құру туралы ұсыныс айтылып келеді, алайда бұл бастама әлі күнге дейін толық іске асқан жоқ.
Осыған байланысты журналистер ортақ мәмілеге келуге не кедергі болып отырғанын сұрады.
– Су-энергетикалық консорциум мәселесі бойынша министрлік тиісті жұмыстарды атқарып жатыр.
Өткен аптада Түркістан қаласында Өзбекстан Республикасымен келіссөздер өткіздік.
Кездесуде негізгі сұрақтардың бірі – энергетикалық ынтымақтастықты консорциум форматында қалай жүзеге асыру керектігі болды.
Нәтижесінде тараптар екі ай көлемінде өзара ұсыныстарды бірлесіп қарауға келісті.
Читать полностью
Читать новость