Орталық Азияда су ресурстарын басқаруды цифрлық мониторинг негізінде күшейту ұсынылды

21.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Талдамалық баяндама 2026 жылғы 22–24 сәуір күндері Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммит қарсаңында ұсынылды. Іс-шараға Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдарының және ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.
Алғысөз сөйлеген ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов климаттық сын-қатерлер жағдайында су ресурстарын басқаруда кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Ол ғылыми қауымдастық, мемлекеттік құрылымдар және халықаралық серіктестер арасындағы сындарлы диалог өңірдегі су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шарты екеніне сенім білдірді.
ҚСЗИ Экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас сарапшысы Асель Абен зерттеудің негізгі нәтижелерін таныстырып, өңірдің су қауіпсіздігін нығайтудағы Қазақстанның елеулі үлесін атап өтті.

— Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды, ал 2025 жылы жаңа Су кодексі қабылданды. Сонымен қатар, биыл Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қоры аясындағы төрағалығын аяқтауда. Осы кезеңдегі маңызды нәтижелердің бірі — Солтүстік Арал теңізіндегі су айдыны көлемінің ұлғаюы болды, — деді сарапшы.

Сонымен бірге, баяндама авторының пікірінше, Орталық Азия елдері су ресурстарын басқару стратегиясын сценарийлік жоспарлау, цифрлық мониторинг және су саясатын өңір елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен тығыз ықпалдастыру негізінде қалыптастыруы маңызды.
Барбара Януш Павлетта өз сөзінде Орталық Азиядағы су мәселелері бойынша өңірлік өзара іс-қимылдың институционалдық-құқықтық аспектілеріне жан-жақты тоқталды.
Сұрақ-жауап сессиясы аясында қатысушылар Қазақстан мен өңір елдерінде су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру және су секторын сыртқы әрі ішкі сын-қатерлерге бейімдеу перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, 2030 жылға дейін 42 су қоймасы салынып, су жинау көлемі 2,6 млрд текше метрге артады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью