Орталық Азиядағы ең үлкен стадион құрылысының 80 пайызы дайын

17.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бішкек қаласында Орталық Азиядағы ең ірі спорттық нысан, FIFA стандарттарына сай халықаралық деңгейдегі стадионның құрылысы жалғасуда. 51 мың көрерменге арналған жаңа кешен Қырғызстанның спорт инфрақұрылымындағы маңдайалды жобаға айналды, деп жазады Egemen.kz.

Стадион құрылысы туралы алғаш рет 2024 жылдың сәуір айында белгілі болды. Жоба ел астанасының шет аймағында орналасқан Орок ауылында жүзеге асырылып жатыр. Алғашқы күннен-ақ нысанның сәулеттік келбеті көпшіліктің назарын аударды. Архитектуралық тұжырымдаманың негізіне қырғыздың ұлттық киіз үйінің бейнесі алынған.

Қазақстандағы ең үлкен стадион қашан ашылады?

Диаметрі 280 метр, биіктігі 70 метр болатын сегіз қабатты ғимарат Азия футбол конфедерациясының жаңартылған талаптарына сай салынып жатыр. Бастапқыда стадион 45 мың орынға есептелгенімен, кейін сыйымдылығы 51 мыңға дейін ұлғайтылды. Мұндай ауқым Азия кубогының ашылу салтанатын, сондай-ақ турнирдің алғашқы және финалдық матчтарын өткізуге мүмкіндік береді.

Нысанның техникалық көрсеткіштері де таңдай қақтырады: көгалдандыру аумағы − 70 мың шаршы метр, құрылыс алаңы − 180 мың шаршы метр, стадионның өз аумағы − 85 мың шаршы метр. Жоба аясында 3 600 автокөлікке арналған жабық автотұрақ пен 60 мың шаршы метр техникалық бөлмелер қарастырылған.

Қызылордадағы 21 млрд теңгеге салынған стадион УЕФА тексерісінен қашан өтеді?

Құрылысшылар жарықтандыру мен алаң жабынына ерекше көңіл бөлмек. Футбол алаңы FIFA бойынша А санатындағы LED-жарық жүйесімен жабдықталады. Ал халықаралық ұйымдар аясындағы ойындар үшін гибридті газон технологиясы қолданылады.

Стадион Бішкектегі көпфункционалды спорттық хабтың бір бөлігіне айналады. Оның аумағында 35 мың шаршы метр жерде сауда орталықтары мен спорт дүкендері бой көтермек.

Жобаға халықаралық мамандар тартылған. Негізінен Түркиядан келген архитекторлар, инженерлер мен конструкторлар еңбек етуде. Сонымен қатар құрылыс барысына Түркия мен Ұлыбританиядан келген сарапшылар кеңес беріп отыр. Ел басшылығының айтуынша, жобаның қаржыландыру мәселесі смета бекітілген кезеңде-ақ толық шешілген. Нақты құны ресми жарияланбағанымен, бұған дейін БАҚ-та жобаның 60 миллион АҚШ доллары шамасында екені мәлім болды.

Қазіргі таңда Бішкек Арена халықаралық стадионында монолитті жұмыстар толық аяқталған. Стадион 80 пайызға дайын. Үкімет өкілдерінің мәліметінше, трибуналар мен барлық функционалды аймақтарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы орындар мен қолайлы жағдайлар қарастырылады.

25 мың орындық стадионның құрылысы басталды

Стадионның ресми ашылуы 2026 жылдың тамыз айына, Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

Отандық тауар өндірушілердің тізілімі толықтырылды

Экономика • Бүгін, 13:50

Қаныш Әбубәкіров Қарулы Күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды

Президент • Бүгін, 13:24

Екібастұзда мұз ойылып, суға кеткен балықшылар құтқарылды

Аймақтар • Бүгін, 13:22

Абай облысында сотталғандар некесін қиды

Отбасы • Бүгін, 12:57

Орталық Азиядағы ең үлкен стадион құрылысының 80 пайызы дайын

Спорт • Бүгін, 12:37

Әзербайжан Германия мен Австрияға газ жеткізе бастады

Әлем • Бүгін, 12:15

Көкшетауда шетел азаматтары отырған автобус жолаушылары эвакуацияланды

Төтенше жағдай • Бүгін, 11:52

Атырау облысында жоғалған отбасының ұлы мен қызын іздеу тоқтатылды

Қоғам • Бүгін, 11:33

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр

Қаржы • Бүгін, 11:22

Шешенстан басшысының ұлы Адам Қадыров жол-көлік оқиғасынан кейін ауруханаға жеткізілді

Әлем • Бүгін, 10:53

Астанада көпқабатты үйде болған өрттен 8 адам құтқарылды

Төтенше жағдай • Бүгін, 10:23

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:00

Рухани тәрбие мектебі

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Ауыл аманатының» шапағаты

Қоғам • Бүгін, 09:50

Қарап тұрсам, дүние... Эссе

Таным • Бүгін, 09:45

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью