Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 19 мамыр - Sputnik. Алматы облысында eVTOL толық электрлі ұшу аппараттары базасында аэротакси жүйесін дамытудың тестілік кезеңі басталды.
Қалада әуе көлігінің жаңа дәуірі басталды, дейді ұйымдастырушылар.
"Алматы агломерациясы өсіп келе жатқандықтан жаңа технология, жаңа сапалы қызметтерді дамытуға қажеттілік туындауда. Бұл тек уақытты ғана емес, қаражатты да үнемдейді", - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Жоба мемлекеттің қолдауымен жеке инвестициялар арқылы жүзеге асырылады. Ұшу құны әлі нақты емес, өйткені жүйе әлі де тестілеу және экономикалық модельді қалыптастыру сатысында.
Alatau Advance Air Group жоба-менеджері Данияр Өтеулиннің айтуынша, жоба 2009 жылы толық пайдалануға беріледі.
Аэротаксидің өлшемі автомобильге ұқсас, ол алты адамға арналған - екі ұшқыш және төрт жолаушы. Шкті салмағы - 450 кг, максималды жылдамдығы сағатына 200 км. Ол қытайлық компаниялардың бірінде құрастырылған. Ұшу биіктігі 300-ден 1200 метрге дейін жетеді.