Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Орталық Қазақстанда "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы "Әліби" реинтродукциялау орталығында Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді.
Бұл – халықаралық реинтродукция бағдарламасы аясында Қазақстанға әкелінген жылқылардан алынған алғашқы төл.
© Photo : Экология және табиғи ресурстар министрлігіОрталық Қазақстанда Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді
Орталық Қазақстанда Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді
© Photo : Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"Еркек құлын туғаннан кейін көп ұзамай өздігінен аяғына тұрып, енесінің соңынан еріп, сүтін еме бастаған. Мамандардың бақылауы бойынша, екеуінің де жағдайы жақсы", - дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Құлынның енесі – 2024 жылы Берлин Тирпаркінен Қазақстанға жеткізілген жеті жасар Тесса. Бұл – оның алғашқы төлі.
Пржевальский жылқысын Қазақстанға қайтару бағдарламасы 2024 жылы басталды. 2024 жылы 7, 2025 жылы тағы 7, ал 2026 жылы 8 жылқы жеткізілді. 2029 жылға дейін Қазақстанға шамамен 40 жылқы әкелу жоспарланып отыр.