Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы 106 учаскеде дауыс беру аяқталғанын хабарлады.
Республикалық референдум бойынша 10 388 учаске ашылған болатын. Ал 92 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталған.
“Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды”, - деді комиссия мүшесі Әсел Жаңабілова бүгінгі брифингте.
Айта кетері, ондай учаскелер аурухана, шипажай, тергеу изоляторы, вахталық кенттер, әскери бөлімдер сияқты жердерде ашылады.
Айта кетері, дауыс беретіндердің тізімінде 12 461 796 адам бар. Барлығы 10 388 учаске ашылған еді. Ал 92 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталды. Шетелде 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.