Орталық референдум комиссиясы 21 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

23.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Сыртқы істер министрлігі референдумды байқауға қатысу үшін бірқатар халықаралық ұйымға тиісті шақыру жіберген болатын. Сонымен қатар екіжақты негізде Орталық референдум комиссиясы 30-дан астам шет мемлекеттің Орталық сайлау комиссиясына шақыру жіберді. Бүгінгі таңда Орталық референдум комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 3 халықаралық ұйым және 5 шет мемлекеттен 21 байқаушыны аккредитациядан өткізу үшін ұсынылды. Атап айтқанда, Әзербайжаннан — 2, Қырғыз Республикасынан — 2, Палестина мемлекетінен — 1, Тәжікстаннан — 1, Тайланд корольдігінен — 1, ТМД байқаушылары миссиясынан -7, Азиядағы өзара іс-қимыл жне сенім шаралары кеңесінен — 6, Түркі академиясынан — 1 байқаушы, — деді комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

Сонымен қатар ол шетелдіктерді аккредитациядан өткізу үшін ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар туралы дерек жаңартылып отыратынын атап өтті.

Бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі Украина мен Эфиопияда референдум учаскелерін ашпау туралы шешім қабылдаған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью