Орталық сайлау комиссиясы референдумның негізгі кезеңдерін бекітті

12.02.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы референдумның негізгі кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Комиссияның қаулысына сәйкес, алдағы референдум негізгі 6 кезеңнен тұрады. Олар:

12 ақпан-14 наурыз сағат 00:00-ге дейін үгіт-насихат;

21 ақпан учаскелік комиссияларының құрамдары және референдум учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді жариялау;

22 ақпан дауыс беруге арналған тізімдерді ұсыну;

27 ақпан-4 наурыз - азаматтарды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету;

12-14 наурыз учаскелік комиссияларға бюллетеньдерді жеткізу;

14 наурыз - тыныштық күні;

15 наурыз - дауыс беру күні.

Комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, осы уақыттың ішінде жергілікті сайлау комиссиялары учаскелік референдум комиссиялары қызметін атқарады.

Жыл басындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда дауыс беруге құқылы 12 416 759 адам болған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью