Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жұма күні таң ата көшкін жүрген кезде 3 адам далада жұмыс істеп жатқан, үшеуі де із-түзсіз кеткендер қатарында.
Көшкіннің жүруіне Хунг Сон коммунасындағы төбеде топырақ, тас пен жерасты суларының ұзақ уақыттан бері жиналып қалуы себеп болған.
Жергілікті Tien Phong басылымының хабарлауынша, төбенің бір бөлігі құлап, фермерлердің бес үйі мен жолдың 200 метрдей бөлігін басып қалған.
Жергілікті биліктің мәліметтеріне қарағанда, қыркүйек айының соңынан бері үздіксіз жауған жауын мен су тасқыны коммунаның көптеген аудандарында көшкіннің жүруіне себеп болған.
Қауіп төніп тұрған жеті ауданның тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.
Осыған дейін Вьетнамда су тасқынынан 37 адам қаза тапқаны туралы жаздық.