Орташа жылдамдық режімі іске қосылды

11.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ішкі істер министрлігі елімізде жол қауіпсіздігін арт­тыру мақсатында жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу – басым міндет. Осы орайда қолға алынған тиімді шараның бірі – автокөлік жолдарында көлік құралдарының орташа жылдамдығын бақы­лау.

ІІМ өкілінің айтуынша, бұл қауіпті маневрлердің, жыл­дамдықты күрт арттырудың алдын алып, жүргізушілердің бүкіл жол бойында белгіленген жылдамдық режімін сақтауына ықпал етеді.

«2025 жылғы 17 наурыздан бері республикалық маңызы бар, ақылы автожолдардың шамамен екі мың шақырымды құ­райтын сегіз учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүзеге асырылып келеді. Биыл 10 шілдеден бастап бұл жүйе 525 шақырым болатын тағы бес учаскеде іске қосылды. Олар – Ақтөбе – Қандыағаш, Алматы – Қорғас, Көкшетау – Петропавл, Астана – Теміртау және Астана – Щучинск автожолдарының қосымша учаскелері. Сонымен қатар қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 2,5 мың шақырым болатын тағы 14 ақылы жол учаскесін кезең-кезеңмен осы жүйеге қосу мәселесі қарастырылып жатыр», деді А.Боранова.

Оның айтуынша, орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізудегі басты мақсат – жүргізушілерді жазалау емес, адам өмірін сақ­тау. Статистикаға сәйкес, жылдам­дықты шамадан тыс арттыру ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып қалып отыр.

«Барлық жүргізушіні бел­гіленген жылдамдық режімін сақтауға, жолда мұқият әрі жауапты болуға шақырамыз. Жылдам жүремін деп үнем­делген бірнеше минут адам өмірінен қымбат емес. Жол қауіпсіздігі әрқайсымыздың сана-сезімімізге байланыс­ты. Өз­деріңізді және жақында­рыңызды сақтаңыздар!», деді ІІМ өкілі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью