Орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі автожолдардың тағы 18 учаскесінде кеңейтіледі

20.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияда жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаңғыртудың негізгі құралдары туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады.

Қазақстанда 5 жыл ішінде 11 мың шақырым жол жаңғыртылды, бұл еліміздегі жол желілерінің жалпы ұзындығының 45%-ы. Учаскелерді I және II техникалық санаттарға ауыстыру қарама-қарсы бағыттарды бөлу және жүру бөлігін кеңейту есебінен қауіпсіздік деңгейін арттырға мүмкіндік берді. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және транзиттік көліктер елді мекендерге соқпауы үшін 65 айналма жол және 38 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Кешенді жоспар аясында жыл сайын 8 мыңнан астам жол белгілері мен таңбалары жаңартылып отырады.

— Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі — жылдамдықтың артуы болып қалып отырғандығы ескеріліп, жылдамдық режимін бақылау құралдарына ерекше назар аударылуда. Бүгінгі таңда орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын ең қарқынды 8 ақылы учаскеде енгізілді, бұл шара ЖКО санын 15%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Осы оң әсерді ескере отырып, биылғы мамыр айының соңына дейін ұзындығы 2,9 мың шақырым болатын тағы 18 учаскеде жүйені кеңейту жоспарланып отыр, — деп атап өтті министр. 

Айта кетелік Үкімет жолдағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырған еді

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью