Өртенген үйлер мен күлге айналған орман Антальядағы өрт зардаптарының қорқынышты кадрлары жарияланды

12.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Өртеніп кеткен үйлер, қарайған орман және күл басқан орасан зор жер телімдері. Антальядағы жойқын орман өртінен кейін зардап шеккен аудандардан осындай кадрлар жарияланып жатыр. Тілсіз жау 68 сағат бойы лаулап, бірнеше аудан тұрғындарын үйлерін тастап кетуге мәжбүр еткен, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Сumhuriyet мәліметінше, 7 қыркүйекте Аксу округінің Караоз ауданында басталған орман өрті қатты жел салдарынан тез таралған. Жалын Кепез бен Дёшемеалтының тұрғын аймақтарына дейін жеткен.

Қауіпті аймақтардан тұрғындар мен жануарларды эвакуациялауға тура келді. Адамдар бар мүлкін қалдырып, үйлерін асығыс тастап шыққан.

Өртті сөндіруге 10 әуе кемесі – екі ұшақ пен сегіз тікұшақ, сондай-ақ 183 өрт сөндіру машинасы мен 1300-ден астам адам жұмылдырылды.

Бір адам қаза тапты. Хасан Кахья өрт кезінде жүрек талмасынан көз жұмған. Тағы сегіз тұрғын зардап шекті.

Өрт болған жерден түсірілген кадрлар жарияланды

Желіде өрт орындарынан түсірілген кадрлар тарап жатыр. Олардың бірінде жергілікті тұрғын жылап отыр.

Басқа кадрлардан оттың орман алқабын шарпып, тұрғын аудандарға жақындап қалғанын көруге болады.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by TURKNWS | НОВОСТИ ТУРЦИИ (@turknws)

Жергілікті тұрғындар жиған-терген дүниелерін артта қалдырып, үйлерін асығыс тастап кеткен.

Қазір не болып жатыр?

Аксу ауданында басталып, Кепез бен Дёшемеалтыға жайылған өртті 67,5 сағаттан кейін толық бақылауға алу мүмкін болды.

Kemer Gozcu хабарлауынша, қазіргі уақытта орындарда бықсып жатқан учаскелерді салқындату жұмыстары жүріп жатыр. Түтін сейілгеннен кейін, дронмен түсірілген кадрлардан қирау ауқымы анық көріне бастады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью