Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жетісу облысының құтқарушылары өз жұмысының кадр сыртында қалатын тұстарын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кадрларды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі ресми Telegram-арнасында жариялады. Видеоның басында өртсөндірушілер шақыртуға дейінгі қалпын көрсетеді.
Бұдан кейін өртті сөндіріп болғаннан кейінгі кадрлар шығады. Қызметкерлердің жүзінен шаршау байқалса, ал киімдері мен құрал-саймандарын күйе басқаны көрінеді.
Осы қысқа видео арқылы қызметкерлер әрбір шақырту артында құтқарушылардың үлкен еңбегі тұрғанын еске салды.
Айта кетейік, өртсөндірушілер жұмыс барысында үнемі бастарын қауіпке тігеді. Солардың бірі 2025 жылдың 12 желтоқсанында Орал қаласындағы Циолковский көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт шыққан кезде болған еді. Тілсіз жаумен алысу кезінде құтқарушы жарылыс ошағында қалып қойған, бірақ ол аман қалып, жұмысын жалғастырған. Бұл сәт бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тез тарап, үлкен талқылау тудырды. Осы таңғажайып кадрлардың кейіпкері Қуаныш Тілешов болып шықты.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Саакашвили грузин түрмесіндегі адам төзгісіз жағдайлар туралы айтты
Бүгін 08:31 1
Оқиғадан кейін ол көптеген қазақстандықтың оның жағдайына алаңдағанын айтты. Ер адам өзінің жағдайы жақсы екеніне сендіріп, құтқарушы мамандығын әлемдегі ең үздік жұмыс деп санайтынын атап өтті.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу