Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Абай облысында сот өрт кезінде қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.
2026 жылы 3 наурызда Семей қаласындағы "Balapark" балалар ойын-сауық орталығынан өрт шыққан болатын. Арнайы қызметтердің жедел әрекетінің арқасында адам шығынына жол берілмеді.
Алайда қала тұрғыны "Instagram" әлеуметтік желісіндегі қалалық пабликтердің бірінде өрт салдарынан 18 адамның қаза тапқаны туралы жалған ақпарат жариялаған.
Тұрғынның кім екені жедел түрде анықталып, оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.
Сот қаулысымен оған жалған ақпаратты жариялағаны және таратқаны үшін 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.