Өрттен қашып, теңізге секірді: Түркияда туристер мінген яхта өртенді

13.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Түркияның Фетхие қаласында бортында жүзден астам адам бар серуендеу кемесі өртенді. Тілсіз жаудан қашқан жолаушылар мен экипаж мүшелері теңізге секіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Tengri Travel Hurriyet.com-ға сілтеме жасап.

Төтенше оқиға 13 тамызда Мугла провинциясындағы Катранджи шығанағы маңында болды. Өрт бір күндік туристік рейсті орындап жүрген серуендеу кемесінде тұтанған.

Алдын ала ақпарат бойынша, жалын кеме ішінде өте жылдам тараған.

Бортта 115 адам, оның ішінде балалар да болған. Өртті ауыздықтау мүмкін болмаған соң, адамдар құтқару кеудешелерін киіп, суға секіре бастаған.

Оқиға орнына жағалау күзеті, теңіз полициясы, құтқарушылар мен медицина мамандары жіберілді. Эвакуацияға маңайдағы басқа кемелер де атсалысты. Барлық 115 адам құтқарылып, жағаға жеткізілді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ПОТОК (@potok_news) жарияланымы


Екі адам түтінге уланып, ауруханаға жатқызылды. Бірнеше баланы дәрігерлер сақтық шарасы ретінде тексерді. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Өрт сөндірілді, алайда кеме қатты зақымданып, істен шықты. Билік оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу бастады.

Бортта Қазақстан азаматтары болған-болмағаны әзірге белгісіз. Редакция ақпарат алу үшін Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады.

Еске сала кетейік, шілденің аяғынан бері Түркияда ауқымды орман өрттері жалғасып жатыр. Өрт бірнеше провинцияны, соның ішінде туристер арасында танымал Анталья, Аланья және Мугла аймақтарын шарпыды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью