Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
— Құрметті облыс тұрғындары! Кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілді, жағдай тұрақты және бақылауда. Тағы айтайын, ең бастысы — зардап шеккендер жоқ, медициналық көмекке ешкім де жүгінбеді. Қазіргі уақытта арнайы комиссия өрттің себептерін анықтауда. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда, жедел штаб жұмысы жалғасып жатыр. Қазіргі таңда нақты іс-қимыл жоспары бекітіліп, барлық жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Біріншіден, ғимараттың техникалық жағдайын толық бағалау үшін сарапшылар тартылды. Айтып өтейін ғимараттың тек шатыры ғана жанды. Алтыншы қабаттағы кабинеттерге келген зақым айтарлықтай емес. Біз соңғы рет әкімдікке 2022 жылы жөндеу жүргіздік, оның ішінде тек жұмыс кабинеттері жаңаланды. Екіншіден, түстен кейін, мамандардың көп бөлігі өз жұмыс орындарына оралады. Оған дейін мемлекеттік қызметтер онлайн, үздіксіз көрсетіледі. Үшіншіден, өрттің себептерін анықтау бойынша арнайы комиссия жұмыс істейді. Іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Төртіншіден, қалпына келтіру жұмыстарының нақты жоспары әзірленіп жатыр. Әр кезеңнің орындалуы менің жеке бақылауымда болады, ақпарат тұрақты түрде жарияланып отырады, — деді ол.
Айта кетейік, Ақтөбе облысы әкімдігі бүгін қашықтан жұмыс істейді. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері әкімдік ғимаратын қоршауға алған.