ОСК Ақ жол партиясының партиялық тізімін тіркеді

17.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: ОСК

Тиісті шешім ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен өткен комиссияның бесінші отырысында қабылданды.

Айта кетейік, «Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына 63 кандидаттан тұратын партиялық тізім ұсынған болатын. Партиялық тізімдегі 22 кандидат әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатына жатады. Бұл жалпы тізімнің 34,9 пайызын құрайды. Осылайша заңнамада белгіленген квота толық сақталған.

Құрылтайда квоталар қалай бөлінеді?

ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік «Ақ жол» партиясы 2023 жылғы Мәжіліс сайлауында 8,41 пайыз дауыс жинағандықтан, қолданыстағы заңға сәйкес сайлау жарнасын төлеуден босатылғанын еске салды.

Сауалнама: Ел тұрғындарының 70%-дан астамы сайлауда дауыс беруді жоспарлап отыр

Отырыс барысында халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселесі де қаралды. ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның мәліметінше, 17 шілдедегі жағдай бойынша Сыртқы істер министрлігі Орталық сайлау комиссиясына 4 мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 16 байқаушыны аккредиттеуге ұсынған.

Еске сала кетейік, 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью