ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады

14.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: Ашық дереккөз

Комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік мүгедектігі бар сайлаушылардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында дауыс беруге арналған үй-жайларды толыққанды жабдықтаудың маңыздылығын атап өтті.

ОСК Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындыларын шығарды

«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. 2021 жылдан бастап Орталық сайлау комиссиясы отырыстарының тікелей көрсетілімдері, сондай-ақ барлық ақпараттық бейнематериалдар ымдау тіліне аударумен сүйемелденеді. 2022 жылдан бері дауыс беру бюллетеньдеріне арналған Брайль қарпімен трафареттер дайындалып келеді. Барлық сайлау учаскелері дауыс беру бюллетенін толтыру тәртібі бойынша аудионұсқаулықтармен қамтамасыз етіледі. 2025 жылдан бастап «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен барлық сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен қажеттіліктері жөніндегі бейнеоқыту курсы әзірленіп, қолданылып келеді. Жергілікті атқарушы органдар инватакси қызметін көрсетуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға сайлау инфрақұрылымының қолжетімділігін тексеру жұмыстарына мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін белсенді түрде тартуды ұсынамыз», деді Ләззат Сүйіндік.

Сондай-ақ дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар сайлаушылар туралы мәліметтерді өзектендіру қажеттігі атап өтілді.

Нұрлан Әбдіров Құрылтай сайлауына қатысып жатқан саяси партияларға үндеу жасады

Еске сала кетейік, елімізде Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью