Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: Орталық сайлау комиссиясы
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник ОСК Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беру бюллетенінің нысаны мен мәтінін, оларды дайындау тәртібі мен қорғаныс дәрежесін белгілейтінін атап өтті. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетеньдерін дайындауды және оларды аумақтық сайлау комиссияларына жеткізуді қамтамасыз етеді.
Сайлау алдындағы уәде мен нақты міндеттің айырмашылығы қандай?
Дауыс беруге арналған бюллетеньге жеребеге сәйкес реттілікпен саяси партиялардың атаулары және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізіледі. Сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бiр күн бұрын жеткiзiледi.
«Дауыс беру бюллетенінің бланкісі – екі жақты, А4 форматында. Түсі – көгілдір түсті. Бірінші бетінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, бюллетеньнің атауы. Екінші бетінде − 2026 жылғы 23 шілдеде өткізілген жеребе қорытындысына сәйкес ретпен саяси партиялардың атаулары және «Бәріне қарсымын» деген жол. Бюллетеньдердің қорғаныс дәрежесін белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірленді. Олар офсеттік баспа тәсілімен қолданылатын полиграфиялық қорғаныс әдісін, түсін, баспа қарпін және тағы да басқаларын қамтиды. Республика бойынша сайлаушылар тізіміне 12 605 788 сайлаушы енгізілген. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен сайлау округіндегі сайлаушылардың санына тең мөлшерде әзірленеді. Осыған байланысты дауыс беру бюллетеньдері 12 731 847 дана көлемінде дайындалатын болады», деп хабарлады ОСК мүшесі Михаил Бортник.
ҚСЗИ сарапшысы: Қазақстан азаматтарының төрттен үш бөлігі сайлауға баруға дайын