Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман сайлауға қатысу жөніндегі алдын ала мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОСК-ның алдын ала дерегіне сәйкес, дауыс беруге 9 352 151 сайлаушы қатысты. Бұл – тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 74,19 пайызы.
Астана – 51,67 пайыз;
Абай облысы – 81,41 пайыз;
Ақмола облысы – 82,69 пайыз;
Ақтөбе облысы – 88,30 пайыз;
Алматы облысы – 71,17 пайыз;
Атырау облысы – 70,74 пайыз;
Батыс Қазақстан облысы – 73,38 пайыз;
Жамбыл облысы – 85,18 пайыз;
Жетісу облысы – 91,19 пайыз;
Қарағанды облысы – 76,28 пайыз;
Қостанай облысы – 76,47 пайыз;
Қызылорда облысы – 90,75 пайыз;
Маңғыстау облысы – 71,38 пайыз;
Павлодар облысы – 71,20 пайыз;
Солтүстік Қазақстан облысы – 77,31 пайыз;
Түркістан облысы – 92,16 пайыз;
Ұлытау облысы – 70,72 пайыз;
Шығыс Қазақстан облысы – 87,50 пайыз;
Алматы – 43,23 пайыз;
Шымкент – 75,42 пайыз.
Сайлау учаскелері жабылар сәтке дейінгі кейінгі мәлімет сағат 18:00-де жарияланған еді. Сол уақытқа дейін 9 095 298 сайлаушы дауыс берді. Бұл - тізімге енгізілген азаматтардың 72,15 пайызы. Алайда бұл әлі түпкілікті көрсеткіш емес.
Қазақстан аумағындағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Учаскелер жабылған бойда комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. Одан кейін аумақтық сайлау комиссиялары қорытындыны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.
Нәтиже қашан белгілі болады?Елдегі сайлау учаскелері 07.00-ден 20.00-ге дейін ашық. Олар жабылғаннан кейін бірден дауыстарды санау басталады. Комиссиялар нәтиже туралы ОСК-ға дереу есеп береді. Орталық сайлау комиссиясы қорытындыны арнайы отырыста шығарады.
Алдын ала қорытынды бірнеше күн ішінде жариялануға тиіс. Ал ресми нәтиже сайлаудан кейін 7 күннен кешіктірілмей шығарылады.
Бұл - сайлаудың түпкілікті қорытындысы биыл 30 тамызға дейін жарияланады деген сөз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу