Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Өскемен гарнизонында Қасым Қайсенов атындағы механикаландырылған бригадада атыс дайындығы бойынша сабақтар өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жауынгерлік атыстар барысында мотоатқыштар, шабуылдаушы және танк взводтарының әскери қызметшілері шынайы ұрыс жағдайына барынша жақындатылған күрделі тактикалық жағдайда тапсырмаларды орындады.
Әскери қызметшілер штаттық қару-жарақтан нысаналарды жою және атысты басқару бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтады. Бұл ретте қарумен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге, қозғалыстағы жауынгерлік машиналардан оқ атуға, тактикалық іс-қимылдарға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Батальон командирі майор Мерей Исеновтің айтуынша, сабақтар күндіз де, түнде де өткізілген.
— Атыс дайындығы барысында бөлімшелер өзара үйлесімді іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдірді. Жеке құрам тактикалық, инженерлік және әскери-медициналық дайындық бойынша да оқытудан өтті. Күрделі ауа райы жағдайларына қарамастан, әскери қызметшілер жауынгерлік техниканы жүргізу, түрлі атыс қаруларынан, гранатаатқыштардан және жауынгерлік машиналардың қару-жарағынан ату бойынша нормативтерді сәтті орындады, — деді ол.
Жауынгерлік дайындықтың осы кезеңінде взводтардың тактикалық іс-қимылдары мен нысаналарды атыспен жою нәтижелері бағаланды.
Өткізілген іс-шаралар әскери қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға және кез келген жағдайда жедел әрі үйлесімді әрекет ету қабілетін дамытуға ықпал етті.