Өскемен іргесіндегі шағын аудан халқы жарық жоқтығына шағымданды

29.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Прапорщиково шағын ауданының жұртшылығы автобусқа отыру үшін үнемі әуежай маңындағы аялдамаға баратынын жеткізді. Олардың айтуынша, кешке ересектер жұмыстан, ал балалар мектептен қайтқанда аялдамадан үйге жететін жолда жарық өте нашар.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы/Kazinform

- Соның салдарынан балалар қорқады. Одан кейін қалаға кіреберістегі «Өскемен» деп жазылған сәулеттік құрылым үшінші жыл қатарынан жанбай тұр, әрі айналасын қоқыс басып кеткен. Бұл мәселе нақты қашан шешілетінін білгіміз келеді, - дейді тұрғындар.

Белгілі болғандай, архитектуралық «Өскемен» жазуы бар құрылым 2020 жылы орнатылған. Қала әкімдігінің мәліметінше, тексеру барысында жазудың астарлық жарықтандыру желілерінің үзілгендігі анықталды.

- Көше жарығын күтіп-ұстау бойынша мердігерлік ұйым жарықтандыруды қалпына келтіру мақсатында желілерді ауыстыру жұмыстарын жүргізетін болады. Көшелер мен жолдарды күтіп-ұстауға жауапты мердігер ұйым – «Таза Өскемен» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Санитарлық тазалау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі, - делінген ақпаратта.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы/Kazinform

Әкімдіктің мәліметінше, әуежай аумағынан шыққаннан кейінгі ашық типтегі аялдама екі көше жарығы бағанасының арасындағы аралықта орналасқан. Аталған бағандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

- Биыл Өскемен қаласы аумағында 1147 көше жарығы бағаны орнатылып, 17 білім беру нысанына баратын жолдар жарықтандырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар келесі жылы да жалғасын табады, - делінген хабарламада.

Мақала жарық көрмес бұрын Kazinform тілшісі әуежай маңына барып көрді. «Өскемен» жазуы бар құрылым қазір жанып тұр екен.

Еске салсақ, осыған дейін Алматының Алатау ауданында жарықтың өшуіне себеп болған компанияға айыппұл салынатыны хабарланған. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью