Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот талқылауы басталды. Оған ірі көлемде алаяқтық және пара алу айыптары тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: ШҚО әкімдігі
Іс материалдары Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскен. Сот кабинеті деректеріне сәйкес, айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 3-бөлігі бойынша – «ірі мөлшердегі алаяқтық» және «ірі көлемде пара алу» айыптары тағылған.
Негізгі сот отырысы 19 наурызға белгіленген. Іс ашық режимде қаралады. Сот құжатында айыпталушыға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылып, оның мерзімі іс толық қаралғанға дейін ұзартылғаны көрсетілген.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 18 ақпанда Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растаған. Ол ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметіне 2025 жылдың сәуір айында тағайындалған.
Бұған дейін түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған ол 2018-2024 жылдары Өскемен қаласының әкімі болған, сондай-ақ әкімнің кеңесшісі қызметін де атқарған.
Алдағы сот процесі іс бойынша барлық мән-жайды айқындап, құқықтық баға бермек.
Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы мүлкіне құқықтық баға беруді талап етті
Соңғы жаңалықтар
Заңсыз диплом: Абай облысында дәрігер болғысы келген азамат алаяқтың құрығына түсті
Оқиға • Бүгін, 16:30
МӘМС жаңарады: Әр теңге науқасқа нақты жетуге тиіс
Денсаулық • Бүгін, 16:20
Жамбылда 770 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 16:16
Енді елордада айыппұл тұрақтары ақылы болады
Қоғам • Бүгін, 16:09
Астанада қажылық сапарды желеу еткен алаяқ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 15:57
Пойыздарда жоғары жылдамдықты интернет іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 15:42
24 сағаттық жыр марофоны әлемдік рекордтар кітабына енді
Аймақтар • Бүгін, 15:37
112 мың теңге: Ел азаматтарының орташа айлық шығыны есептелді
Қоғам • Бүгін, 15:24
Батыс Қазақстанда қызылша дерті өршіп тұр
Аймақтар • Бүгін, 15:14
Елімізде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 15:00
Жәрдемақы көлемі арта ма? Еңбек министрлігі жауап берді
Қоғам • Бүгін, 14:53
Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
Президент • Бүгін, 14:36
Сергей Ткаченко Польшада топ жарды: Ел қоржыны тағы үш медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 14:28
Жерді жойқын магниттік дауыл басады: Ғалымдар ескерту жасады
Оқиға • Бүгін, 14:20
Сенат Төрағасы: Жаңа Конституция – дәуірдің сыртқы сын-қатерлеріне берілген жауап
Қоғам • Бүгін, 13:58