Өскемен тұрғыны парапланмен келіп дауыс берді

15.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өскеменнің тұрғыны, әскери ардагер ұшқыш Николай Петинцев референдум учаскесіне парапланмен ұшып келіп, дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.

Суретті түсірген автор

«Көк аспанда қандай жауапкершілікті сезінсең, ел ертеңі үшін де солай жауаптысың», дейді зейнеттегі әскери полковник Николай Петинцев.

Ол өзіне тиесілі учаскенің іргесіндегі жазыққа парапланмен келіп қонды. Бала жастан аспанды армандаған ол зейнетке дейін әскери ұшақ тізгінінен түспеген. Парапланмен ғана емес, парашютпен секірудің де әккі шебері.

«Өмір бойы мемлекет үшін еңбек етіп келдім. Алпыс үшке келсем де, саяси науқандардан қалмаймын. Ал, бүгінгі менің ғана емес, бүтін Қазақстанның болашағы», дейді Н. Петинцев.

Николайдың аспанға деген қызығушылығы бала кезінен басталған. Тіпті бес жасында-ақ болашақта ұшқыш болатынына сенімді болған.

Есік қаласындағы референдум учаскесіне «Алтын адам» келді

Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылында туған ол 16 жасында парашют спортымен айналыса бастады. 1978 жылы авиациялық-спорт клубының базасында алғаш рет парашюттен секірген. Кейін Барнаулдағы әскери ұшқыштар училищесіне түсіп, кәсіби ұшқыш атанады. Оқуын аяқтаған соң «СУ-24» ұшағымен Ауғанстанда жауынгерлік тапсырмалар орындаған.

Алматыда «Бүркіт» референдумда өз таңдауын жасады

Бертін келе, ол парапланмен ұшуға қызығып, жаңа бағытқа бет бұрады. Соңғы он жылда ол жерден гөрі аспанда көбірек уақыт өткізетінін айтады. Бүгінгі науқанға да елден ерекшеленіп келіп дауыс берді.

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны парапланмен келіп дауыс берді

Референдум • Бүгін, 15:31

Қостанайлық тұрғындар референдумда белсенділік танытты

Референдум • Бүгін, 15:31

Атырауда «Қыз Жібек» фильміндегі «Гәккуді» орындаған әнші дауыс берді

Референдум • Бүгін, 15:28

Ақмола облысының тұрғыны туған күнінде дауыс берді

Референдум • Бүгін, 15:23

Учаскеге дейін жеткізіп салады: Жас сайлаушылар автоеріктіге айналды

Референдум • Бүгін, 15:21

Сарапшы: Азаматтардың саяси белсенділігі артқан

Референдум • Бүгін, 15:15

Ғұсман Қырғызбаев пен Әбиба Әбужақынова Чехиядағы референдум учаскесінде таңдау жасады

Референдум • Бүгін, 15:13

Өзбекстан ОСК төрағасы: Жастар белсенділігі – азаматтық жауапкершілік көрінісі

Референдум • Бүгін, 15:12

Қарағанды облысында мотобайкерлер де таңдау жасады

Референдум • Бүгін, 15:07

ШЫҰ байқаушылары: Қазақстанда дауыс берушілер үшін барлық мүмкіндік жасалған

Референдум • Бүгін, 15:05

Алматы облысында бір көшенің тұрғындары түгел таңдау жасады

Аймақтар • Бүгін, 15:01

Референдум: Шетелдерде 3248 адам өз таңдауын жасады

Референдум • Бүгін, 14:53

Еліміздегі ең бойшаң сарбаз дауыс берді

Референдум • Бүгін, 14:46

Референдум – азаматтық ұстанымыңды білдіретін сәт

Референдум • Бүгін, 14:45

Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстанның референдумға сапалы дайындалғанын атап өтті

Референдум • Бүгін, 14:44

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью