Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Өскеменде нөсер жауын мен қатты жел салдарынан 25 мың адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қала әкімдігінің мәліметінше, қолайсыз ауа райы салдарынан 15 ағаш құлап, көшелерді су басқан. Бірқатар аудандар электр жарығынсыз қалды.
"5 тамыз сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Өскемен қаласының аумағында 20,5 мм жауын-шашын түсіп, қатты жел және найзағай соқты. Соның салдарынан қалада электрмен жабдықтау жүйесінде апат болып, жолдардың жекелеген учаскелерін су басты және ағаштар құлады", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта қаланың коммуналдық және авариялық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.