Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің мәліметінше, бүгінде Өскеменде 1825 көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың басым бөлігі панельді және кірпіштен салынған үйлер.
Тозығы жеткен деп танылған үйлердің саны - 10. Бұл үйлерге күрделі жөндеу жүргізілуі қажет.
Ал 36 үй апатты жағдайда деп танылған. Олар сүрілуі тиіс. Негізінен бұл 1938-1950 жылдары салынған үйлер.
- Апатты тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында Өскемен қаласының тұрғын үй қорын жаңғыртуға арналған 2024-2029 жылдарды қамтитын реновация бағдарламасы әзірленген. Бағдарлама 2024 жылғы 4 мамырда қала әкімінің қаулысымен бекітілген. Бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда, бағдарлама аясында апатты үйлердің меншік иелерін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, - деді бөлім басшысы Айбек Салбанов.
Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде сот отырысына қатысушылар дау тудырған көпқабатты ғимаратты аралағаны хабарланған.