Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі құлады, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Оқиға 7 мамыр сағат 20:30 шамасында болған.
"Карбышев көшесінде орналасқан аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде оқыс жағдай болды. Оқиға болған кезде көпір үстінде 8 адам, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған жасөспірім болған", - дейді әкімдік.
Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаға балалардың көпірді тербетіп ойнауы себеп болған. Кәмелетке толмағандар конструкцияны шайқағандарын мойындаған, соның салдарынан көпір төсеміне зақым келген.
Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Зардап шеккендер дәрігерлердің тексеруінен өтті. Ешкім ауыр жарақат алмаған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Көпір уақытша жабылды.