Өскеменде ауа сапасының нашарлауына байланысты оқушылар мектепке бармайды

23.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

24 қазан күні Өскеменде екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланып отыр. Осындай желсіз күндердің ұзаққа созылуына байланысты ертең қаладағы барлық мектептер қашықтан оқыту форматына көшеді. Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті.

- Мұндай шешім «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының ресми хатына және қала әкімдігі мен білім басқармасының келісіміне сәйкес қабылданды, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін өскемендіктерге қаладағы экологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы ескерту жарияланғаны, ШҚО Экология департаментінің мамандары ауа сапасына аспаптық өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше өндіріс орнына жолға шыққаны хабарланған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью