Өскеменде ауадағы зиянды заттар шығарындысы рұқсат етілген шектен асып кеткен

15.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

ШҚО Экология департаментінің мамандары Өскеменнің әр шетіндегі атмосфералық ауа сапасын бақылау мақсатында көшпелі мониторинг жүргізді.

- Жалпы алғанда, атмосфералық ауаның жағдайына автокөліктер, өнеркәсіптік кәсіпорындар және пешпен жылытылатын жер үйлер әсер етеді. Меновное кентінде пештердің түтініне байланысты тығыз сұр түсті бұлт тіркелді. Аспаптық өлшеу жұмыстары нәтижелері бойынша PM2.5 және PM10 бөлшектерінің рұқсат етілген шектен асып кету фактісі тіркелді. Мирный, Защита аудандарында да осындай жағдай байқалады, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ведомство дерегінше, қала арқылы Үлбі мен Ертіс өзендері ағып өтеді. Су беттерінен қыс кезінде шығатын бу қолайсыз метеорологиялық жағдайда атмосфералық ауаның ластануын күшейтуі мүмкін.

Еске салсақ, осыған дейін прокуратура «Алматы Су» мекемесінің экологиялық заңнама талаптарын бұзғанын анықтағаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью