Өскеменде ауаға тараған 3 зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асқаны анықталды

02.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, 2 ақпанда Өскемен қаласында атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізілді. Соның нәтижесінде, 3 зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асып кеткені анықталып отыр.

- Нақты айтқанда, күкіртсутектің мөлшері шекті нормадан 4,013 есе, күкірт диоксиді бойынша 3,8 есе және көміртегі тотығының деңгейі 1,803 есе асқан. Ал 1 ақпанда екі заттың мөлшері шекті деңгейден асқаны тіркелген, - делінген ақпаратта.

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, қала аумағында бес күн қатарынан сақталған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты Экология департаментінің мамандары «Қазгидромет» РМК және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен бірлесіп атмосфералық ауаның сапасына күн сайын көшпелі мониторинг жүргізіп жатыр. 

Соның нәтижесінде, ауа сапасы орташа деңгейде және өңір тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірмейді деп бағаланды. Сонымен қатар желсіз күндерде кәсіпорындар өндірістік жүктемені 20-40%-ға төмендетіп жатыр.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде ауаның ластануынан оқушылар тағы мектепке бармайтындығы хабарланған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью