Өскеменде азық түлік жәрмеңкесі өтті

19.10.2025

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жәрмеңкеде төрт мың тоннадан астам тауар тұтынушыларға ұсынылды.

Оның 500 мыңы ет өнімдері. Жергілікті билік осы арқылы бағаны бақылауда ұстап, қымбатшылықтың, алыпсатарлардың алдын алуға ниетті. Жәрмеңкеге Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев арнайы барып, базар бағасын бағамдады. Тауарлардың сапасын тексеріп, тұрғындармен тілдесті. Ол азық-түлік тапшылығын болдырмау үшін осындай сауда алаңдарын жиі ұйымдастыру керек екенін ескертіп, Тұрақтандыру қорларының жұмысын жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Жәрмеңке деген ешқандай делдалсыз нақты тікелей өндірушілер өздерінің өнімін әкеліп, біздің қаланың тұрғындарына сататын болады. Екіншіден, мынау тұрақтандыру қорларын айтатын болсақ, біздің негізгі мақсат біз оны анықтадық, қаржыландыру жағынан екі есе үлейту керек. Неге десеңіз, маусым аралық кезде бізде әсіресе мына көкеністерді алатын болсақ, басқа өнімдер болсын, ешқандай тапшылық болмау керек.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью