Өскеменде бұзақылық жасаған 20 жасар елордалық қамауға алынды

09.06.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

ШҚО полиция департаменті оқиға "Чечек" демалыс аймағында болғанын нақтылады.

"Облыс орталығына қонаққа келген елорданың 20 жастағы тұрғыны демалыс аймағында ерекше суретке түспек болған. Ол үшін "CHECHEK" сәндік жазуына шығып, салдарынан конструкцияны бүлдірген. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" және "Ұсақ бұзақылық" баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды",- деп мәлімдеді полицейлер.

Құқық бұзушы 24 сағатқа әкімшілік қамауға алынды. Одан әрі процессуаллық шешім қабылдау үшін материалдар Өскемен қалалық сотына жолданды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice)

Бұған дейін Алматы хайуанаттар бағында өрт шыққанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью